Билік

Мал дәрігерлеріне қызметтік көліктер тапсырылды

Өңірімізде жергілікті ірі қараны асылдандыру мақсатында бірқатар тың істер қолға алынды. Зеңгі баба төлдерінің дұрыс өсіп жетілуінде мал дәрігерлеріне жүктелген міндеттер зор. Осыған орай мерейтойлы жылы әр облыс пен аудандарда ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары құрылған болатын.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Наарбаев ветеринария қызметінің тиімділігін арттыруды басты жолға қойып отыр. Елімізде бұл сала халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Осы бағыттағы жұмысты жақсарту мақсатында мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.

Өңір жетекшісі енді құрылған аумақтық инспекцияның барлық бөлімшелерінің басшыларына салтанатты түрде қызметтік темір тұлпарлардың кілтін табыс етті.  Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Айыртау ауданының мал дәрігерлерінің құзырына да 1 «Нива»  автокөлігі тиді. Ауданның бас ветеринары Бекет Махметов енді қарамағындағы 15 маманның жұмысы әлдеқайда ширақ болатынына сенімді.

Бекет Махметов, ҚР АШМ Айыртау аудандық аумақтық инспекциясының бастығы:
– Биыл ауылшаруашылығында жеткен нәтижелер өте мол. Ветеринария бөлімдеріне беріліп жатқан көлік бұдан былай мал шаруашылығын дамытуға себін тигізеді деп ойлаймыз. Мал шаруашылығының дамуына бар күшімізді, білімімізді саламыз.

Облыс әкімі сыйға тартқан 18 көлік өңіріміздің елді мекендеріндегі төрт түліктің саулығын бақылауға жұмылдырылмақ.

Владимир Корабельников, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалу Комитетінің СҚО аумақтық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы:
– Мал шаруашылығының дамуы уақытымен эпидемиологиялық жағдайлардың алдын алуға тікелей қатысты. Әр мал дәрігерінің табысты еңбек етуі үшін ветеринарлық қызметтің материалдық- техникалық базасы жақсартылды. Жаңа көліктер ауру ошағын ерте анықтап, асқынып кетпеуіне шұғыл әрекет етуде таптырмас көмекші болды.   

Қаз-қатар тізілген су жаңа көліктер шерумен өтіп негізгі міндеттерін атқаруға аттанып кетті.

 Жеңіс Ермұқанов