Мәдениет саласының өкілдері марапатталды

Мәдениет

17:05 6 Желтоксан 2011

  

Өңіріміздің үздік ұжымдары республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларда жоғары тұғырлардан көрініп келеді. Оған  арнайы ұйымдастырылған жетістіктер көрмесі дәлел. Облыс әкімі Серік Біләлов мәдениет және өнер қызметкерлері еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Тәуелсіздік жылдары еліміздің мәдениетін дамыту бағытында бірталай жұмыс атқарылды. Әсіресе, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасының маңызы ерекше болды. Сіздерге зор денсаулық, үлкен шығармашылық табыс тілеймін.

Салтанатты жиында егемен еліміздің қалыптасуы мен мәдени өміріне белсене араласып жүрген 14 өнер қайраткері «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне -20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі:

– Мәдениет майталмандарын бүгінгі мереке құттықтаймын. “Асыл мұра” орталығының жұмыс істеуі де осы тәуелсіздіктің арқасы.

Ұзақ жылғы адал еңбегімен ерекшеленген бір топ солтүстікқазақстандыққа облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ 5 азамат «Мәдениет қайраткері» төсбелгілеріне ие болды. Ал өңіріміздегі қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған  С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына автокөлік кілті табысталды.

Қуандық Қасымов, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрының директоры:
– Біз жиі гастрольдерге шығамыз. Облыс әкімі мәдениет саласының дамуына ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі күн де соның дәлелі.

Мәдениет қызметкерлерінің құрметіне ұйымдастырылған жиында «Ауылдағы ең үздік мәдениет мекемесі» байқауының қорытындысы жарияланды  аудандық мәдениет үйлерінің арасында қызылжарлықтар гран-приге ие болды. Ал кітапханалар ішінде Уәлиханов ауданы үздік деп табылды. «20 жұлдызды күн» шеңберінде ұйымдастырылған  Мәдениет  күні өңір өнер ұжымдарының концертіне ұласты.

Инеш Шоқақова

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда облыстық “Абай оқулары” өтті
Соғыс және еңбек ардагерлерінің халық академиялық хорына – 35 жыл
Италияндық музыканттың жеке шығармашылық кеші өтті
Университет қабырғасында неміс мәдениеті күндері өтуде
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры жаңа маусымын ашты
“Күдер” ансамблі Дубайда халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды
Шоқан Уәлихановқа арналған көрме қанат жайды
“Ғасырлар аманаты” атты көрме қанат жайды
Петропавлда “Крокодил” шығармасы сахналанды
Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл
Суретші Василий Манзяның 85 жылдығына арналған көрме
“Жыл мезгілдері” атты көрме қанат жайды