Балалар

Жас техниктер мен өнертапқыштар форумы

Бүгінгі шараға жиналған жас өнертапқыштар көптен бергі ойларына алғандарын жүзеге асырған. Байқауға шығарылған  өнертабыстардың әрқайсысы өз алдына жаңа дүние.

Ерғали Саткенов, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің технология пәнінің оқытушысы:
-Бүгінгі форумға 30-ға жуық балалардың жұмыстары ұсынылып отыр. Жұмыстар 6 бағыт бойынша жас техниктар ауыл шаруашылығына, құрылысқа, технологиялық жетістіктер бойынша, әскери қорғаныс бойынша қаралады.

Жас техниктер арасындағы республикалық форумның 4-орын иегері Денис Катков бүгінгі байқауда өз жобасын алғашқы болып таныстырды. Оның жұмысы сыртынан қарағанда ойыншық үй үлгісінде жасалыпты. Шындығында Денистің жобасы жүзеге асырылатын болса, пайдалы дүниеге айналмақ.

Денис Катков,  СҚ кәсіби-педагогикалық колледжінің 3-курс студенті:
– Қазіргі таңда энергияны үнемдеу мәселесі басты назарда. Мен оны қалай жүзеге асыруға болатындығын ойлап таптым. Оны саяжайлар мен шағын шаруашылықта қолдануға болады.

Ал Азат Қасенов осы сынды сайысқа алғаш рет қатысып отыр. Ол астық  тасымалдаудың тиімді формуласын жасаған. Оқушы жоба аясында бір жыл бойы жұмыс жасаған.

Азат Қасенов,  Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы:
– Менің құрылғым ұнтақтағыш машина – астықты бір сарынды жеткізіп отыратын құрылғы. Оны шетелден сатып алғанша, өзіміз жасауымыз керек. Оны жасау үшін мен жаңа формула ойлап таптым. Сол формуланы әрбір токарь біліп алса, кез-келгені жасай беруі мүмкін.

Жас өнертапқыштар мен техниктердің бағын сынаған форумға барлығы 27 солтүстікқазақстандық оқушы қатысты. Байқау жеңімпазы атанғандарды алда республикалық деңгейдегі форумдар күтіп тұр.