Қоғам

Облыстың тәуелсіздік жылдарындағы шежіресі

 

 

 

Ел тәуелсіздігінің 20-жылдық мерекесіне облыстық мұрағат қызметкерлері тамаша тарту жасады. «Солтүстік Қазақстан облысы ел тәуелсіздігі жылдарында» деген атпен шыққан жинақты құрастыруға облыс мұрағатшылары да атсалысқан. 451 құжатты қамтитын басылым тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарынан сыр шертеді. Қаулылар, шешімдер, бұйрықтар мен жарлықтар негізінде құрастырылған жинақ үш бөлімнен тұрады. Облыстың саяси, экономикалық, мәдени және қоғамдық өмірі мен қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін басылым 500 данамен шыққан.

Ахметжан Қуантаев, СҚО мұрағат және құжаттамалар басқармасының бөлім бастығы:
– Аталған құжат тарихшылар, өлкетанушылар, студенттер үшін ғана емес, Қазақстанның әрбір азаматына керек дүние деп ойлаймын. Осы басылымды пайдалана отырып, әрбір адам Тәуелсіздік бізге қалай жетті, бүгінгідей жаңа мемлекет құруда қандай істер атқарылғанын біле алады.

Жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласы мен қоғамдық өміріне белсене қатысқан мұрағатшылар облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды. Осы салада 16 жыл қызмет еткен Бикен Бектемірованың да еңбегі еленді.

Бикен Бектемірова, мұрағатшы:
– Біздің мұрағаттың еңбегі көп. Жылда-жылда шығатын кітаптар біздің Солтүстік Қаақстан облысының тарихы туралы. Бүгін маған облыс әкімі атынан грмота берілді. 20 жылдың ішінде шыққан тарихымыз тағы жалғасады деп ойлаймыз.

Аталған жинақтың электрондық үлгідегі таныстырылымы 11 желтоқсан күні болмақ.