Әр түрлі

Тіркеу кітапшасының орнына – анықтама


 

Желтоқсанның бірінен  «азаматтарды тіркеу кітапшасына» түзетулер енгізу басталып, жақын арада оны пайдаланбау туралы ұсыныс қаралып жатыр. Енді оның орнына Қазақстан Республикасының Электрондық Үкімет порталынан азаматтың мекен жайын растайтын анықтама берілмек. Осыған байланысты халыққа қызмет көрсету орталығында «құжаттарды қабылдау пункті» ашылды.

Тойлан Тугумбаева, СҚО РММ «Халыққа қызмет көрсету орталығының» операцаиялық бөлімінің инспекторы:

-Азаматтың мекенжайын растайтын анықтаманы тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталығында немесе www.egov.kz,  яғни электрондық үкімет сайтынан ала алады. Егер де аталмыш сайтқа қол жеткізу мүмкіндігі болмаса, онда азаматтар жеке куәліктерімен халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, анықтаманы алу керек.

Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталығында аталмыш өзгерістерге байланысты тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жерлестеріміздің  бұндай жаңашылдыққа көзқарасы әр түрлі болып отыр.

-Мен компьтерде жұмыс істеу білмеймін. Сондықтан халыққа қызмет көрсету орталығына келіп анықтама алғаным мен үшін тиімді.
-Әзірге белгісіз. Сондықтан барлығын уақыт өзі көрсете жатар. Бұл жаңашылдық біраз қиындық туғызады деп ойлаймын.
-Менің ойымша бұл тиімді болмақ. Себебі: кезекте тұрмай, үйде ғаламтор арқылы Үкімет порталына кіріп, қажетті анықтамаларды алуға болады. Бұл жаңашылдық сондай – ақ уақытты үнемдейді.

Аталмыш өзгерісті желтоқсан айында қолданысқа енгізу жоспары бүгінде әлі қаралу үстінде.

Жандос Наурызбаев