Қоғам

Ұрпақтар кездесуі


 

Жас ұрпақтың бойына ата-бабамыз мұра етіп қалдырған салт-дәстүр мен әдет- ғұрпымызды сіңіру – ұлттық болмысымызды сақтаудың кепілі дейді кездесу  қонақтары. Шарғия Мұқышеваның жастарды білім нәрімен сусындатып, ұстаздық еткеніне 30 жылдай болыпты.  

Шарғия Мұқышева, № 20 орта мектеп директоры:
– Мен білім беру саласында жұмыс істегендіктен болашақ ұрпақтың тәрбиесі аса маңызды деп білемін. Сондықтан жиі кездесіп, дәрістер оқу артық болмайды.

Жастар да аға буын өкілдеріне өздерін толғандыратын сауалдарды жолдап, толыққанды жауап алды. Жас ұрпақ үшін еліміздің қалыптасып, даму кезеңінің куәгері болған азаматтармен кездесу аса қызықты болғаны анық.

Ахат Қажыбаев, СҚ медицина колледжінің студенті:
– Кездесу өте қызықты өтті. Көп мағлұмат алдық. Тарихты адамдардың аузынан есту қызықтырақ деп ойлаймын.

Қоғам белсенділері мен өңіріміздің мәдениет саласының өркендеуіне үлесін қосқан қонақтар өздерінің мол тәжірибелерімен қуана бөлісті. Бұл кеңестерді жастар кәделеріне жаратса нұр үстіне нұр болмақ дейді олар.

Дәстен Баймұқанов, қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы:
-Азаматтық қоғам қалыптастыру өте маңызды іс. Бұл үшін ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді сақтау қажет.

Кешке жиылғандар азаматтық тұлғаны тәрбиелеу осындай қарапайым шаралардан басталатынына сенімді.

Инеш Шоқақова