Мәдениет

“Қазақстан жолы” көрмесі

 

Аталмыш көрме ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып отыр. Экспозицияға қала және облыс суретшілерінің 100-ден аса жұмысы қойылған. 40 -тан астам авторлар көрерменнің назарына өздерінің 20 жыл ішіндегі еңбектерін ұсынуда.

Абдолла Гадиатулин, СҚО Суретшілер Одағының төрағасы:

-Бұнда өңір суретшілерінің жұмыстарын көруге болады. Олардың дені жақсы деңгейде орындалған. Жастарымыз да белсенділік танытып, өздерінің қолынан шыққан туындыларын ұсынғаны қуантады.

«Қазақстан жолы» көрмесінде белгілі суретшілермен қатар жас қылқалам шебері Олег Гайнуллиннің жұмысы қойылған. Жеті жасынан бері аталмыш өнерге бет бұрған Олег еңбектеріне түрлі тақырыпты арқау етеді. Бұл көрмеге қалалық саябақтың суретін әкелген.

Олег Гайнуллин, суретші:

-Туынды өте ашық және түрлі түспен өрнектелген. Сурет бірден көрерменнің жүрегіне жылулық ұялататына сенімдімін.

Көрме: пейзаж, тақырыптық композияция, натюрморт бағыттары бойынша бөлінген. Қылқалам шеберлері Қазақстанның жерін, Есіл өзені жағасы табиғатының сұлулығын бейнелеген. Сондай – ақ өмірдің әлеуметтік құбылыстары жайлы түсініктерді де көруге болады.

Алтын Кәрімов, Суретшілер академиясының корреспондент-мүшесі:
-20 жыл ішінде суретшілеріміздің деңгейі артты. Олардың шығармашылықтары жыл санап дамып келеді. Сондай – ақ жастар да тыс қалмай, өздерінің үлестерін қосуда.

Бұнда сондай-ақ жас суретші Самат Жаслановтың 3D тақырыбында әзірленген суреті қойылған. Бұл көрменің көркін аша түсті. «Қазақстан жолы» көрмесі үстіміздегі жылдың 1 ақпанына дейін жұмыс істейді.  

Жандос Наурызбаев