Мәдениет

Петропавл сахнасында – «Қыз Жібек»

«Қыз Жібек» – халқымыздың тұңғыш ұлттық операсы. Шынайы махаббатты бейнелейтін туынды жергілікті көрермендер үшін алғаш рет ұсынылып отыр. Төлеген мен Жібек бейнесін Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының актерлары, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Байғали Момбеков пен халықаралық конкурстардың лауреаты Жәмила Жарқымбаева орындады. Байғали Момбеков Төлегенді 10 жылдан бері сомдап жүр.

Байғали Момбеков,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
– Республикамыздың жиырма жылдығының қарсаңында Солтүстік Қазақстанның орталығы Петропавлда «Қыз Жібек» операсын қойып жатыр. «Қыз Жібек» операсы тұңғыш опера болып саналады, сондықтан жергілікті өзіміздің жерлестерді Қыз Жібекпен, Төлегенмен жолықтырып, осындай үлкен искусствомен жолықтырғаны – бұл филармонияның жемісі.

Бүгінгі туындыны орындауға облыстық филармонияның шығармашылық ұжымы: «Әдемі-ау», «Туған жер» халық би ансамбльдері мен камералық хор  жұмылдырылған. Ал операны «Есіл» халық аспаптар оркестрі сүйемелдеді.

Қайырлы Ғафуров, «Есіл» халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері:
– Операны осы сахнаға әкелу, шығару идеясы филармония директоры Ботагөз Жағыпарқызының идеясы болатын. Үш айдың көлемінде дайындалдық. Барлығы сәтті болады деген ойдамыз.

Қазақ халқының әні мен жырын бойына жинаған өнер туындысы көрермендердің оң бағасына ие болды.

-Бұл опера біздің қазақ искусствосының бетке ұстар операларының бірі. Осында көп жастар отырды залда. Жастарымызды осындай өнерге баулу керек. Осындай жақсы қойылымдарды көптеп әкеле берсін.
– Маған бүгін өтіп жатқан спектакль өте қатты ұнады. Әсіресе актерлар  өздерінің таланттарын өте жақсы көрсете білді. Алдағы уақытта осындай спектакльдар жиі болып тұрса екен.

Тұңғыш опера алғаш рет 1937 жылы Мәскеуде өткен онкүндікте-ақ үлкен табысқа жеткен болатын. Содан бері «Қыз Жібек» операсы қазақ өнерінің шоқтығы биік туындыларының біріне айналған.

Әспет Абдрешова