Құқық қорғау органдары

«Мигрант»

 

 

 

Шетелдіктер жұмыс істейтін орындарды, базарлар мен сауда нүктелерін тексеру үшін көші-қон полицейлерінің арнайы тобы жасақталды. Сондай-ақ жол бекеттері арқылы транзитпен өтетін барлық көлік құралдары да тексерілуде. Полицейлер облыс аумағындағы құрылыс нысандары мен ойын-сауық орындарын да бақылауға алыпты. Шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын кәсіпорындар мен еңбек мигранттары да назардан тыс қалмады. Рейд барысында облысымызға қонақ визасымен келіп, сауда жасап жүрген тапқыр шетелдіктер де анықталу үстінде. Мысалы,  20 жасар Өзбекстан азаматы вокзал аумағында заңсыз саудамен айналысып, қаржы жағдайын жақсартпақ болыпты.

Самат Базылов, СҚО ІІД көші- қон полициясының қызметкері:
– Мамандандырылған соттың шешімімен бұл азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды, кейін ол ҚР аумағынан шығарылады. 

Жедел алдын алу шарасы басталғанына 3 күн ғана болса да, нәтижелер бар. ҚР аумағында болу ережесін бұзғаны үшін 263 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылып, мигранттардың жұмыс күшін пайдалану ережесін сақтамаған 11 тұлғаға қатысты шаралар қолданды. Сондай-ақ сот қаулысы бойынша 9 шетелдік еліміздің аумағынан алыстатылған. “Мигрант” жедел алдын алу шарасы желтоқсанның 3-не дейін жалғаспақ.

Инеш Шоқақова