Қоғам

Дау-дамайды сотқа жүгінбей шешудің тиімді жолы бар

  

 

Медиация –  жанжалды сотқа жеткізбей шешудің аса тиімді жолы бұл. Медиаторлар бітімгершілік арқылы екі жақтың мәмілеге келуіне жәрдемдеседі. Айту керек, әзірге бұл өнердің қыр-сырын солтүстікқазақстандықтар толықтай меңгерген жоқ.
«Медиация туралы» заң елімізде үстіміздегі жылдың қаңтарында ғана күшіне енді. Сондықтан өңірімізге Ресейден арнайы маман шақыру қажеттігі туындаған. Көрші елде дау-дамайды шешудің баламалы жолының тәжірибеге енгізілгеніне көп жыл.

Александр Шпигоцкий, СҚО кәсіби медиаторлар қауымдастығының президенті:
-Бізде көптеген азаматтардың адвокаттық жұмыста тәжірибесі мол болғанымен, біз медиация жөнінде заңгерлік тұрғыда аз білеміз. Рүстем Максудов бізге медиация деген ұғымның не екенін жеткізді, біз бұдан енді қорытынды шығарып жатырмыз.

Медиацияның тиімділігі – көптеген дау-дамайларды сотқа жүгінбей-ақ шешуге мүмкіндік береді. Рүстем Максудовтың айтуынша, медиация болмаса азаматтардың бір бөлігі сотта отырса , ал екінші бөлігінің шағым жазудан қолы босамас еді.  Судья үкім шығарғанның өзінде  бұл  – дау-дамай шешілді деген сөз емес. Ресми шешімге екі тараптың да көңілі толады деу қиын. Бұл ретте екі жақ жауласып жататын жағдайлар аз емес.

Рүстем Максудов, Бүкілресейлік медиация ассоциациясының төрағасы:
– Жалпы алғанда қоғамда орын алатын даулардың баламалы негізде шешілуі судьялар үшін үлкен жеңілдік туғызады. Ай сайын оларға толассыз келіп жататын істер ықшамдалып, бөлінетін жүктемелері азаяды. Соның арқасында тараптардың келтірген даулары тез шешіліп, сот төрелігінің әділеттілігі мен оның орындалуы халық арасына кеңінен таралып, ел ішіне өзінен-өзі насихатталады.

Кездесуде еліміздегі “Медиация жөніндегі” заң да талқыланды. Оның ресейлік заңнан артықшылығы – медиатор әкімшілік істермен қатар кейбір жағдайда қылмыстық істегі дауларды шешуге де мүмкіндігі бар.

Айымгүл Әбілева