Қоғам

Үкілі Ыбырайға тағзым

 

 

 

Қазақтың біртуар суырып салма ақыны,  жез таңдай әншісі Үкілі Ыбырай классикалық халық музыкасы әлемінде өшпес мұра қалдырды. Өмірінің соңына дейін сүйікті әуестігін отандастарының игілігіне жарата білді. Оның әндері қанша уақыт өтсе де өзінің маңызын жоймайды.

Рүстем Уәйісов, еңбек ардагері:
– 75-ке келіп, ол кісі айдауда жүріп дүниеден өткен. оның өлеңдері Қазақстанды қоя тұра, барша мұсылман елдеріне жайылған “Гәкку” өлеңі неге тұрады. Қазақтың жастарының кедей адамдарды жақтап, жақсылық жасауын тілеп өткен адам.  

Композитор Үкілі Ыбырай  – 40-қа тарта әсем сазды  әндердің авторы.  Ақынның есімі туған ауылына берілді. 150 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс орталығында ескерткіш орнатылды. Тәуелсіз елдің жас ұрпағы ақын рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

– Біздің аталарымыз, әкелерімізҮкілі Ыбырай атамыздың әндерімен өскен. Біз де сол әндерді ұмытпай, әлі күнге шейін айтып жүрміз. Біз осындай жерлестерімізді мақтан тұтуымыз  керек.

– Ертеңсіз бүгін жоқ дегендей ата-бабаларымызды ұмытпаған жөн. Олардың шығармалары арқылы тәлім-тәрбие алып қана қоймай, білімге деген ынтамыз артады. Ғылыми жобалар жазамыз. Әндері Отанды сүйіп дәріптеуге, аялап сақтауға шақырады.  

Жеңіс Ермұқанов