Бизнес және экономика

Өңірде бензин тапшылығы жоқ

 

 

 

Жанар-жағармай бекеттерінің барлығынан дерлік 82, 92, 93 маркалы бензин бар. Бензин саудасы қолма-қол  ақшаға немесе  талон арқылы жүзеге асырылуда. Тек СҚ «Бахыт-Мұнай» жағармай станциясында Аи-82 бензиніне шектеу бар. Ал қалған өнім бойынша жетіспеушілік жоқ. «Авангард» бекетінде Аи-92 бензині 10 литрлеп сатылуда.

Елена Добриян, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қостанай және СҚО бойынша өңіраралық инспекциясының аумақтық бөлімі бастығының орынбасары:
– Аталған фактілерді біз тексеруден өткіздік. Ол фирмаларда алдын-ала жасалған келісімшарттар бойынша белгілі бір себептермен аталған маркалы бензинге шектеу қойылған.

Облыста барлығы 173 жанармай құю бекеті бар. Желтоқсан айына арналған тапсырыс кестесіне сай, өңірге Аи-80 бензинінің – 2 мың, Аи-92-93 маркаларының – 5 мың және дизель отынының – 6 мың тоннасы жеткізіледі деп жоспарланған.

Елена Добриян, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қостанай және СҚО бойынша өңіраралық инспекциясының  аумақтық бөлімі бастығының орынбасары:
– СҚО-на мұнай өнімдерін жеткізу бағытында желтоқсан айына қажетті жанар-жағармай көлемі белгіленген. Алдағы уақытта тапсырыс бойынша төлемдер жасалып, жөнелтілім уақытында жүзеге асады деген ойдамыз.

Көлік иелерінің өздері де бұрынғыдай бензин тапшылығы байқалмайтынын айтады.

–  Жоқ, ешқандай мәселе жоқ. Күнде талон бойынша кезексіз бензин аламыз. Тек бензиннің сапасы жақсарса екен деген тілек бар.
– Қашан келсең де бензин бар. Бензин тапшылығын көрген емеспін.

Жанармайдың сатылуы монополияға қарсы Агенттік қызметкерлерінің үнемі қадағалауында. Бағаны реттеп отыру үшін әрдайым бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ, әр бейсенбі сайын «қоғамдық қабылдау бөлімдері» жұмыс істейді. Мұнда әркімнің  өзін толғандырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігі бар.

Әспет Абдрешова