ТКШ

Коллектор жөнделіп жатыр

 

 

Істен шыққан «Солтүстік» коллекторын ауыстыру жұмыстары қыркүйек айында басталған болатын. Оны жөндеуге республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда Абай көшесінен Набережная көшесіне дейін 4 учаскеде қызу жұмыс жүргізілуде. Бас мердігер – «СК Максимум» ЖШС.

 Анатолий Гуц, «СК – Максимум» ЖШС техникалық директоры:
Жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Қажетті материалдар мен техника күші жеткілікті. Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалды деуге болады. Нысанды жоспарға сәйкес тапсыратын боламыз.

Сондай-ақ кәріздік құбырды ауыстыруға қосалқы мердігерлер – «Армко-Строитель», «Ливкос Север» және «Казградстрой-НС» кәсіпорындары да тартылған. Учаскеде 30-ға тарта жұмысшы еңбектенуде.

Равиль Нагимов, «СК – Максимум» ЖШС жұмысшысы:
Сағат 8-ден 6-ға дейін жұмыс істейміз. Жалақыны уақытында аламын. Ауа райы да жақсы болып тұр.

Жұмыстың басым бөлігі еңсерілген. Сондықтан энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмақ дейді.

Айдар Сыздықов,  СҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім бастығы:
Жоспарда 4,7 км құбырды ауыстыру. Бүгінгі күні 3100 метр құбыр салынды. Жұмыстар график бойынша жүргізілуде. Келісімшартқа сәйкес 20 желтоқсанға дейін аяқтайтын боламыз.

Ал тұрғындарға жайсыздық туғызып отырған жол мәселесі көктем мезгілінде шешілмек.

Инеш Шоқақова