Спорт

Футболдан жолдастық кездесу


 

Алаңда қар жатқанына қарамастан аяқ доп шеберлері бірден қызу ойынға берілді. Кездесу жолдастық болғанымен, спортшылар қарсыластарын қапыда қалтыруға бар күш-жігерлерін салуда. Қақпаға бағытталған доптар мен қауіпті сәттер аз болмады. Ойынның оныншы минутында қызыл жейдедегі мүгедектер құрамасының ойыншысы алғашқы гол соғып, есеп ашты. Бұдан кейін ойын шиеленісе түсті.”Қарасай” футболшылары тізгінді қолға алып, гол соғу мүмкіндіктерін азайтпады. Бірақ, есеп өзгеріссіз қалып, бірінші тайм мүгедектердің пайдасына шешілді. Айта кету керек облыстық есту қабілеті шектеулі мүгедектер құрамасы шілде айында Қостанай қаласында өткен республикалық додаға қатысып қайтқан болатын. Онда мүгедек жандардың бағы жанып, 10 команданың арасында бірінші орынға табан тіреп, спорт шебері атағына ие болды. Бүгінгі шарада оларға дипломдар мен спорт шеберінің үміткері куәліктері табыс етілді.
 Марапаттау рәсімінен кейін ойын жалғасын тауып, таразы басы теңесті. Аяқ доп шеберлері осы сынды кездесулер жиі ұйымдастырылып отырса деген ниеттерін білдірді.

Жандос Наурызбаев