Қоғам

Ядролық апаттар мен сынақтар құрбандарын еске алу күні

 

Бүгінде Қазақстан – ядросыз әлем құру жолындағы халықаралық қозғалыстың белсенді де беделді мүшесі. Бұл бағытта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары әлемдік қоғамдастық, соның ішінде БҰҰ, АҚШ пен Еуропаның беделді елдері тарапынан қолдау табуда. Мемлекетіміз 20 жылдың ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, әлемде өзінің беделді орнын алуда, деді жиынға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров.

 Айдарбек Сапаров, СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік барлық қазақстандықтар үшін аса құнды деп атап өтті. Қазақ елі үшін Тәуелсіздіктің 20 жылдығы ел тарихының жарқын беті. Тәуелсіздіктің 20 шыңы аясында “Бейбітшілік белдеуі” күні өткізілуде.

Семей ядролық полигонының  жабылуы, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы –  әлемдiк тарихтағы теңдесi жоқ шешiм. 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль қаласында атом қуатын пайдалану тарихында мыңдаған адамның өмірін қиған ірі апат орын алды. 600 мың адам, соның ішінде 32 мың қазақстандық жарылыс зардабын жоюға қатысты. Олардың қатарында 2 500 мыңға жуық облыс азаматтары болды. Бүгінде өңірімізде аталмыш оқиғаның бел ортасында болғандардың 430-ның көзі тірі. Бүгін оларға құрмет көрсетіліп, қаза болған азаматтардың ерлігі айтылды.

Юрий Лошкарев, СҚО “Чернобыль одағы” мүгедектер ҚБ төрағасы:
– Бүгінгі мерекенің Чернобыль құрбандарын еске алуға бағытталғаны қуантады. Осы шара барлығымыздың басымызды қосты. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында –  патриоттық парызын абыроймен өтеген жерлес жауынгерлерді құрметтеу үлкен парыз.  

«20 жұлдызды күн» аясында ұйымдастырылып отырға шараға аға толқынмен бірге мектеп оқушылары қатысты. Жиналғандар жарылыс салдарынан құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Ширек ғасыр өтсе де, Чернобыль апаты жерлестеріміздің жүрегінде әлі күнге дейін сақталуда. Жауынгерлердің ерлігі ел есінде.

-Аспанымыз әрқашан ашық болсын. Чернобыль құрбандары әрқашан біздің жадымызда. Қазақ елінің тәуелсіздігі құтты болып, еліміз гүлдене берсін.
-Ардагерлерді әрдайым құрметтеп, есте сақтаймыз.Ардагерлерге әрқашан басымызды иеміз.Үлкен рахмет ол кісілерге.
-Біз үшін ардагерлерді құрметтеу – үлкен абырой.Осы азаматтардың арқасында бүгін тәуелсіз елде бейбіт өмірде күн кешіп жатқандығымызды мақтан тұтамыз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ Семей ядролық полигонын жабу Қазақстанның қауіпсіз, бейбіт өмірге аяқ басып, үлкен жетістіктерге қол сермегендігінің белгісі болды.

Жандос Наурызбаев