Мерейтойлық медальдар тапсырылды

Аптадағы маңызды жаңалықтар

16:06 29 Қараша 2011

Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай мерейтойлық медальдарға сегіз жүзден артық солтүстікқазақстандық ұсынылған. Бүгін алғашқы марапаттау рәсімі. Өңір басшысы Қазақстанның қалыптасуына және дамуына қосқан үлесі үшін бір топ жерлесімізге медаль табыс етті. Сондай-ақ кездесуде “Үздік мемлекеттік қызметші” облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. С

айыс өңірімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Мұндай байқаулар мемлекеттік қызметшілердің беделін көтеріп, кәсіби біліктілігін арттырады деп атап өтті өңір басшысы.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Мемлекеттік қызмет жүйесінің Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуында атқарар маңызы айырықша. Елбасы айқындаған барлық міндеттердің орындалуы мемлекеттік қызметке жүктелген. Бұл орайда мемлекеттік қызметшілерге артылған жауапкершілік үлкен.

Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды облыстық прокуратураның бас маманы Гүлмайра Кенжеболатова мен денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Аманжол Кәкімов бөлісті. Дипломға қоса олар фотоаппаратқа ие болды. Екінші орынды және ноутбукты Есіл ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Валентина Наймантаева жеңіп алды. Ал жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі атағына облыс әкімі аппаратының бақылау және ақпарат секторының меңгерушісі Қадиша Жақанова лайық деп табылып, теледидарға ие болды. Байқауға белсене қатысқандарға облыс әкімі алғыс хаттар және 5 аталым бойынша дипломдар мен ұялы телефондар табыс етті.

 Айымгүл Әбілева

Бұдан әрі оқыңыз

Облыс әкімі Тайынша ауданының тұрғындарын қабылдады
Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді
Бұлақ ауылындағы экологиялық жағдай
19 қазан – Құтқарушылар күні
№6 мектеп басқа ғимаратқа көшіріледі
“Nur Otan” партиясы фракциясының отырысы өтті
Университеттің статусы өзгерді
Көлік салығына қатысты сұрақтар талқыланды
Түлектерді жұмыспен қамту сылбыр жүргізілуде
Кейбір отбасылар әлі күнге дейін АӘК-ге қол жеткізе алмай жүр
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын азайту керек
СҚО-да әлеуметтік нан қымбаттамайды