ТКШ

Баспаналы болу мүмкіндігі


 

Петропавл қаласында Интернационал көшесі 4Г мекенжайы бойынша 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Баспана 2011-2014 жылдарға арналған ҚР тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасы аясында тұрғызылуда. Атап өтетіні, біздің өңірде бұл жоба банк пен облыс әкімдігінің әріптестік келісімі арқылы жүзеге асырылмақ. Яғни, жергілікті басшылық өзі белгілеген жерге үй салса, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына сол баспанадан пәтер алуға несие бөлетін болады.

Балахмет Молдинов, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банк” АҚ СҚОФ директоры
Сондай үйлер биыл да, ендігі жылы да салынады. Жоспарда 5 үй тұрғызу мәселесі тұр. 2011-2013 жылдар аралығында сондай пәтерлер тағы салынады.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасында пәтердің 1 шаршы метрінің құны белгіленген. СҚО үшін баға 90 мың теңгені құрайды. Осылайша, Банк салымшысы қажетті ауданды таңдап, өзінің болашақ пәтерінің бағасын білу мүмкіндігіне ие. Ал баспана қолданысқа берілгенде оны тұрғын үй, аралық немесе алдын-ала заемдар арқылы сатып алады. Мәселен, Интернационал  көшесі, 4Г  мекенжайы бойынша іргетасы қаланып қалған үйдің екі бөлмелі пәтері 75 шаршы метрді құрайды екен. Сондықтан оның бағасы 6 млн 760 мың теңгеге мөлшерінде болады. Бүгінде жаңа бағдарламаға қызығушылық танытқан салымшылар баршылық. Жоба өз күшіне енген сәттен бастап оған қатысуға 5 солтүстікқазақстандық өтініш білдіріпті.

Балахмет Молдинов, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банк” АҚ СҚОФ директоры:
Бізде 8000 салымшы бар. Олар енді қашанда болмасын көбейе түседі. Себебі, ол ауыл тұрғыны болсын, басқа қала адамы болсын, осы пәтерлерден үй ала алады.

Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі салымшысының      банкпен келісімге тұрғанына үш жыл толса және жинаған қаржысы белгіленген мөлшерлеменің 50 пайызына жетсе, жаңа жобаға қатыса алады. Бұл бағдарлама бойынша пәтерлі боламын деушілер 2012 жылдың 23-ші қаңтарына дейін өтініш бере алады.

Гүлден Төлеген