Мәдениет

Белорусь мәдениеті фестивалі

 

 

Осымен жетінші жыл ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты – Белорусь ұлтының салт-дәстүрі мен мәдениетін насихаттау.

Татьяна Пахомова,  «Радзіма»  белорусь мәдени орталығы төрағасының орынбасары:
– Белорусь мәдени орталығының бұл жолғы фестивалі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл мерекенің белорусь ұлтының мәдениетімен таныстырып, оны үгіттеуде, ұлттың мәдениетінен сыр шертетін еңбектермен таныстыруда маңызы зор.

Тамара Ткаченко мұндай мерекелік шараларға алғаш рет қатысып отырған жоқ. Бүгінгі фестивальға ол өзінің «Калі Ласка» фольклорлық-музыкалық ансамблімен келген. Белорусь тілінен аударғанда «Калі ласка» «Мейірімді бол» дегенді білдіреді.

Тамара Ткаченко, «Калі ласка» фольклорлық-музыкалық ансамблінің жетекшісі:
– Қазақстан біздің екінші отанымызға айналды. Бірақ біз өз мәдениетіміз бен ұлттық салт-дәстүрімізді есімізден шығарған емеспіз. 1961 жылдары тың көтерілген уақытта қазақ ауылына келген болатынбыз. Содан бері тұрып жатырмыз.

Кеш барысында қалалық вокалдық және би ансамбльдері ән мен биден жыр шашты. Концертке қатысушыларға естелік ретінде шағын кәдесыйлар мен грамоталар табыс етілді.

Әспет Абдрешова