Қоғам

Әділет саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

 

 

Департамент бастығы Ернар Сейдімбеков ұлық мереке – тәуелсіздіктің жиырма жылдығымен құттықтап, бес ардагерге сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар айтулы мерекеге орай департаменттің 17 қызметкеріне алғыс жарияланып, грамоталар берілді. Жиында сөз алғандар тәуелсіздік жылдары еліміз бағындырған биіктерге,бүгінгі күнгі толағай табыстар мен жетістіктерге тоқталды. Жиырма жылда әділет органдарында да көптеген өзгерістер орын алды. Кадрлардың біліктілігі артып, халыққа заңгерлік қызмет көрсету сапасы жақсарды. Жыл сайын дерлік бұл жүйеге түрлі жаңашылдықтар енгізілуде. Сондай-ақ «Жиырма жұлдызды күн» аясында департамент қызметкерлері “Юстиция кеңес береді” акциясын өткізді. Күні бойы мамандар азаматтарды қабылдап, заңгерлік көмек көрсетті.

Ирина Сактанова, СҚО әділет департаментінің бөлім бастығы:
-Мұндай акцияны алғаш рет өткізіп отырған жоқпыз. Жыл басынан бері үш мыңға жуық тұрғыннан өтініш түсті. Барлық өтініштер мен сұрақтар тіркеуге алынып, мамандар азаматтарға кеңес берді. Алдағы уақытта да өткізетін боламыз.

 Айымгүл Әбілева