Мәдениет

Зияткерлік сайыс

 

Ел үшін мерейтойлы жылы оқушылар арасында түрлі сурет және шығарма байқаулары ұйымдастырылған. Олардың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру. Осы шара да солардың жалғасы болмақ.  Сайысқа өңіріміздің түкпір-түкпірінен 14 үміткер қатысты. Сергей Цалко жарыста Айыртау ауданының намысын қорғамақ. Ол жарысқа келер алдында өз білімін тағы бір мәрте пысықтап алыпты.

Сергей Цалко, сайысқа қатысушы, Айыртау ауданы:
– Мен сайысқа қатысар алдында көп дайындалдым. Батырлар мен жазушылардың өмірі жайлы оқыдым. Салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға да жақсы дайындалдым деп ойлаймын.

Сайысқа қатысушылар ел тарихын, ақын-жазушалардың өмірі мен шығармашылығын қаншалықты білетіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ олар туған өлкенің табиғатына қатысты сауалдарға да жауап берді. Байқаудың бір ерекшелігі оның тек 7-сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылуы.

Фарида Әбілғазина,  облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бас режиссері:
– Бұл сайыс балаларды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеуге бағытталған. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып отыр.

Ең білімпаз оқушы атағына Есіл ауданынан келген Асхат Қасиенов лайық деп табылды. Сондай-ақ Жамбыл және Ғ.Мүсірепов аудандарының оқушылары да жүлделі орындарға ие болды.

Иеш Шоқақова