Қоғам

Үздік мемлекеттік қызметші

Өңірдегі үздік мемлекеттік қызметші байқауына қатысуға 40 үміткер ниет танытыпты. Олар сайыс талабы бойынша алдымен «20 жыл ішіндегі ҚР-дағы мемлекеттік қызметтің дамуы» атты эссе жазулары тиіс болатын. Бұл сыннан 20 үміткер сүрінбей өткен.

Светлана Зайцева, СҚО бойынша ҚР Агенттігінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары:
– Бірінші кезеңнен өткен қатысушылар мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға байланысты сауалдарға жауап берді. Ал ақтық сында өздерінің жұмыстарын жетілдіруге байланысты жобаларын қорғамақ.

Бұл сайыста бастысы – мемлекеттік қызметшінің заманауи имиджін қалыптастырып, қызметті жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасау. Әр қатысушы бұл тапсырмаға аса жауапкершілік танытыпты. Олар мемлекеттік басқару саласын жетілдіруді елдегі мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісін жасау концепциясы аясында қарастырған.

Аманжол Кәкімов, СҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:
– Осы жарысқа мен денсаулық сақтау басқармасының атынан қатысып отырмын. Бірінші 3 этаптан сүрінбей өттім. Келешекте менің новацияларым мен ұсыныстарым қолданылады деп ойлаймын.

Валентина Наймантаеваның мемлекеттік қызметте жүргеніне 3 жыл. Яғни азын-аулақ тәжірибе бар. Соған сүйеніп мемлекеттік қызметшілердің тиімді жұмысына байланысты жоба әзірлепті.

Валентина Наймантаева, Есіл аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы:
– Мен өз жобамды мемлекеттік қызметке орналасатын кадрлар сапасын арттыру және оларды оқыту жүйесін жетілдіру негізінде жаздым. Бұл өзекті мәселелердің бірі деп ойлаймын. Сондықтан осындай байқаулардың ұйымдастырылуы өте маңызды.

Өңірдегі үздік қызметшінің есімі қарашаның 29-нда белгілі болмақ.

 

Инеш Шоқақова