Құқық қорғау органдары

Тағы бір алаяқ қолға түсті

 

 

 

Қала тұрғыны пәтерін бір тәулікке бойжеткенге жалға берген. Келесі күні баспана иесі үйде мүлдем бөгде адамдар қоныстанып алғанын анықтайды. Жаңа мекендеушілерге пәтер жалдаған қыз кілтті 2 айға тапсырып кетіпті. Бұл қызметі үшін 50 мың теңге алған екен.

Жәбірленуші:
-Келесі күні пәтердің заңды иесі келіп, бізге құжаттарын көрсетті. Мен алданғанымды түсініп, бірден полицияға хабарладым.

Пәтердің жалған иесі қолға леккен заттар мен тұрмыстық техниканы жымқырып кеткен. Үй иесі айлакердің газетке «ұзақ мерзімге жалға пәтер беремін» деген хабарландыруын тауып, онымен кездесуге келіседі. Тек өзінің орнына құрбысын жібереді.

Мария, пәтер иесі:
– Кездесуді «Сыйлықтар» дүкенінің жанына белгіледік. Мен алысырақ жерде тұрдым. Құрбым онымен кездесіп, кейін олар пәтерді көруге кірді. Сол кезде мен тәртіп сақшыларын шақырдым.

Осылайша айлакер біршама адамның сеніміне еніп сан соқтырып кетіп отырған.

Күдікті:
– Пәтерлерді бір тәулікке өзім жалға алып, ұзақ мерзімге жалға бердім

Сұрақ:

 – Осылайша қанша адамды алдадыңыз?

Күдікті:
– Шамамен бесеу

Қазір алаяқтың өзге де осы тектес қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тәртіп сақшылары сезіктінің арбауына түскендер болса, Петропавл қалалық ІІБ-ның 1-нші бөліміне хабарласуды сұрайды.

Жеңіс Ермұқанов