Мәдениет

Облыстық қуыршақ театрында – премьера

 

 

 

Залға жиылған бүлдіршіндер сиқырлы ертегі әлемінің сырына бойлап, қиял-ғажайып өмірде болып қайтты. Қуыршақ театрының актерлары бұл жолы балаларға «Хан, Бекболат және Күнікей сұлу» ертегісін қойды. Аталмыш қойылымға актерлер үш ай бойы дайындалған.

 Сергей Орлов, облыстық қуыршақ театрының директоры:
-Ертегі ұлттық нақышқа құрылған. Бұрынғы кезде ата-бабаларымыздың бала тәрбиесіне қалай көңіл бөлгені жайынан сыр шертуде және тарихымызды жас ұрпақ бойына сіңіруде маңызды қойылым. Сол себепі бүгінгі спектакльді тәуелсіздіктің 20 жылдығымен байланыстырып отырмыз.

Балалардың назарына ұсынылған спектакльің бас режиссері – қостанайлық Геннадий Иванов. Сахналанған спектакльдің бір ерекшелігі – театр сахнасында «қараңғы бөлме» әдісі алғаш рет қолданылды.

 Айгүл Қасенова, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісінің міндетін атқарушы, актриса:
– Қойылымның сюжеті өте қызықты. Мұндағы рөлдер қарама-қайшылыққа құрылған. Зұлымдық, мейірімділік сынды ұғымдар салыстырмалы түрде беріледі.

Балалардың ертегіге берілгендігі сондай, арасында өздерінің жанына жақын кейіпкерлеріне болысып отырды. Актерлар өздеріне жүктелген міндетті жақсы алып шықты.

Болат Абдрахманов,  С.Мұқанов атындағы сазды-драма театрының актеры:
-Жаңадан шыққан премьера, хан туралы спектакль маған өте ұнады. Жаңаша режисерлік әдіспен орындалған.Сондықтан бұл спектакль осы театрдың репертуарындағы жаңа қойылым деп ойлаймын.

Ал бүлдіршіндердің спектакльдан алған әсерлерінде шек жоқ.

-Маған Бекболаттың ханға құсын сыйлаған жері ұнады.
– Қуыршақтардың ойыны маған өте ұнады. Әсіресе ханның Бекболатты қызды алып келуге жұмсағаны жақсы шықты

Қуыршақ театрының орындауындағы қойылымды солтүстікқазақстандықтар алдағы аптада да тамашалай алады.

Әспет Абдрешова