Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қарашаның 23-і – Жол полициясы күні

 
 

Жол полициясы қызметкерлерінің міндеті аса ауыр. Жолда жүру ережелерінің сақталуын, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету, көлік апаттарының санын азайту – оларға жүктелген міндет.  Бүгін залға жиналғандардың бәрі осы салада еңбектеніп жүрген жол сақшылары, ардагерлер мен мереке қонақтары. Жиын барысында сөз алған СҚО Ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы Ақпан Дүкетбаев әріптестерін атаулы күнмен құттықтады.

 

Ақпан Дүкетбаев, СҚО Ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы полиция полковнигі:
– Құрметті қонақтар, жол полициясы қызметкерлері және әріптестер! Бүгін ҚР Ішкі істер министлігінің мемлекеттік автоинспекциясы туралы нұсқаманы қабылдағанына 19 жыл толып, тойлап отырмыз.

Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғалары адам өміріне   қауіп төндіретіні жасырын емес. Жол полицейлері   бұл ретте жылдан-жылға күресті  күшейтіп келеді. Қызмет барысындағы жемісті еңбегі үшін бүгін бірқатар полицейлер алғыс хаттармен және сыйақымен мараптаталды.
  Өз марапатына ведомствода 20 жылдан бері қызмет етіп жүрген полиция майоры Теміржан Сағындықов ие болды. Ол тәртіп сақшыларының арасындағы байқауда бірінші орынды иеленді.

Теміржан Сағындықов, Уалиханов аудандық ІІБ ЖПБ бастығы:
– Жол-көлік апаттарын болдырмау үшін біз күні-түні жұмыс істейміз. Бүгін осындай марапатқа ие болғанымызға қуаныштымын. Алдағы уақытта да осы орыннан көрінеміз деген ойдамын.

“Әрбір адам жол ережесін білуі керек”. Осындай тақырыппен мектеп оқушылары арасында өткен байқаудың басты шарты –  әркім өз жанынан өлең шығаруы тиіс болатын. Байқауда үздік атанғандарға да дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. 3-сынып оқушысы Татьяна Тупицынаның өлеңі 1-орынға лайық деп бағаланған.

Татьяна Тупицына, Петропавл қаласы №1 мектеп-интернатының оқушысы:
– Болашақта жол полициясы қызметкері болғым келеді. Өйткені жолда машиналардың қақтығыспағанын қалаймын.  

Шара мерекелік концертке ұласты