Жол картасы

«Единствода» өнім түрі де , көлемі де өсті

Темір-бетон бұйымдарын өндіруді кәсіпорын 1999 жылы қолға алыпты. Өнімнің 20 түрін шығарудан бастаған серіктестік қазіргі уақытта құрылысқа керек-жарақтың 250 түрін жаса

йды. Яғни, өндіріс қуаттылығы жыл санап артуда.

Марат Мергенов, «Единство» ЖШС директоры:

– Біз бастапқыда 1 млн теңгенің өнімін шығардық. Биыл 200 млн теңгенің өнімін шығардық. 220-ға дейін жеткізбекпіз. Барлық тауар аттестациядан өткен.

Зауытта 4 цех жұмыс істейді. Ең негізгісінен тапсырыс жасаушыларға дайын өнім жөнелтіледі. Бұйым жасауға қажетті арматураны дәнекерлеу жұмыстары да осы жерде атқарылады. Талғат Тұғымбаевтың зауытта жұмыс істей бастағанына 8 жыл болыпты.

Талғат Тұғымбаев, «Единство» ЖШС жұмысшысы:
-Жаңа-жаңа тапсырыстар келіп жатады. Жұмыс ауыр емес. Бәрін үлгереміз.

Бүгінде кәсіпорында электр бағаналарын шығаруға да ден қойылған. Тапсырыс көлемі ауқымды. Сондықтан күн сайын қызу жұмыс. Өйткені өнімнің сапасы мен дер кезінде шығарылуы әр жұмысшының еңбегіне байланысты.

Ахметқали Шаяхин, «Единство» ЖШС бас энергетигі:
– Жұмыс өзіме өте ұнайды. Жалақыны да дер кезінде алып тұрамыз.

Іргетас, бетонды тақталар, құдық дөңгелектері мен темір қоршаулар. Бұлардың бәрі жергілікті зауытта өндірілуде. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына кәсіпорын айтарлықтай нәтижелермен жетіп отыр. Сонымен қатар тың жоспарлар да жоқ емес.

 Инеш Шоқақова