Мәдениет

“Өлкесін сүйген жан”

 

 

 

Көрмеден жазушының еңбектерімен қатар жеке заттарын да тамашалауға болады. Әрине, әрқайсысы ерекше құнды жәдігер.

Рәзипа Тәженова, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:
– Көрме өте қызықты .Себебі жазушының шығармашылығы мен өмір кезеңі бейнеленген. «Кинематография үздігі» деген төс белгісі де бар.

Қаламгердің 3 кітабы мен 18 пьесасы жарық көріпті. Михаил Аверин сонымен қоса , майданда болған уақытта әскери күнделіктер жазған екен.  Әдебиет пен көркемсөзге деген сүйіспеншілікке бауырларын да баулыпты.

Дмитрий Аверин, Михаил Авериннің інісі:
– Ағам жастайынан көркем шығармаларды оқығанды ұнатты. Мені де соған үйрете білді. Оның ықпал етуімен мен кітапханадан шықпайтын болдым.

  «Москва» жазу машинкасының арқасында Михаил Авериннің талай еңбектері қағаз бетіне басылған. 1986 жылы жазушының мұражайға табыс еткен «ГАЗ» киноаппаратының да маңызы ерекше. Осы салада да өзін сынап көрген жерлесіміздің шығармашылық жолы қазіргі ұрпақ үшін үлгі.

Роза Әмрина, Ақанбарақ орта мектебінің мұғалімі, Шал ақын ауданы:
– Сыныптан тыс сағаттарда оқушыларды Михаил Авериннің шығармашылығымен таныстырамыз. Өйткені оның туындылары туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікке толы. Жас ұрпақтың бойында да патриоттық сезім ұялатады деп ойлаймын.

«Өлкесін сүйген жан» атты жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме жыл соңына дейін жұмыс істемек.

 

Инеш Шоқақова