Ғылыми жобалар байқауы

Білім

15:08 22 Қараша 2011

Ғылыми жобалар сайысына барлығы 199 үміткер қатысып отыр. Олар өз жұмыстарын басты 4 бағыт бойынша қорғамақ. Өз жұмыстарын қорғаушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың ғылыми еңбекпен айналысуға ден қойғандығын байқатса керек.

Күлзағира Нұртаева, қалалық білім бөлімінің әдістемелік  кабинет меңгерушісі:
– 2011 жылы ғылыми жобалардың саны 169, яғни 199 оқушы бүгін өз жобаларын қорғауға қатысады. Ең көп қатысқалы отырған оқушылардың саны денсаулық қорғау секциясында. Біздің жобаларымыз облыстық деңгейде, республикалық деңгейде өз орындарын тауып жатыр. Сондықтан биылғы жылы да сондай нәтиже болады деп сенеміз.

10-сынып оқушысы Мәдина Ерғалиева ғылыми жобасын биология пәні бойынша жазыпты. Онда ол Солтүстік Қазақстан өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктерді биологиялық, медициналық және экологиялық тұрғыдан сараптап, олардың нарықта бағаланауын зерттеген.

Мәдина Ерғалиева, ғылыми жобалар сайысына қатысушы:
– Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстанда  3000 өсімдік өссе, соның 500-і дәрілік өсімдіктер болып табылады. СҚО-да өсетін дәрілік өсімдіктерді қолдану мен әдіс-тәсілдері, адамға деген оң әсері әлі де толық зерттелмеген. Ғылыми жұмысты жазған себебім де сол.

19 шағын аудандағы қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Азамат Құрмашев қоршаған орта мен денсаулық қорғау саласы бойынша тақырып таңдаған. Жұмысын жазу барысында ол өз мектебіндегі оқушылардың денсаулығына сараптама жасап, түрлі зерттеулер жүргізген. Статистикалық мәліметтер де келтірген.

Азамат Құрмашев, ғылыми жобалар сайысына қатысушы:
-Мен осы ғылыми жобаға алғаш рет қатысып отырмын. Менің таңдап отырған тақырыбым – “Оқушылардың денсаулығы”. Менің ойымша біздің алған тақырыбымыз өте өзекті және қазіргі кезде маңызды болып табылады.

Бүгінгі сайыста еңбектері бағаланған оқушылар дипломдармен марапатталып, аталған жобаларын облыстық жобалар байқауында қорғамақ.

Бұдан әрі оқыңыз

Оқытушылар мен студенттердің бәсекесі
Үздік ұстаздар қошеметке бөленді
Ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті
Университет студенттерінің жаппай төбелесуіне не себеп?
Биыл Есіл ауданында 8 бірдей білім ошағы жөндеуден өтті
Итальян тілі мен мәдениеті орталығы ашылды
“Отбасы құндылықтары” атты семинар-тренинг өтті
Жергілікті жоғары оқу орнының жетістіктері паш етілді
Химия-биология пәні мұғалімдерінің І халықаралық форумы өтті
Университет қабырғасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысы