Құқық қорғау органдары

Бірқатар қылмыстар үшін жаза жеңілдеді

 

 

 

Елбасының 2010 жылғы  тамыздың 17-дегі жарлығына сәйкес қоғамға қауіп төндірмейтін қылмыстар бойынша заңды жұмсарту қолға алынды. Осы орада экономикалық саладағы құқық бұзушылықтар енді   әкімшілік санатта қарастырылатын болды.

Серікбол Сапарғалиев, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы:
– Бұл заң үстіміздегі жылғы ақпанның 6-нда өз күшіне енді. Оған сәйкес қылмыстық жауапкершілікті талап ететін кейбір құқық бұзушылықтарға жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Оның ішінде ҚР ҚК 105- бабы «денсаулыққа жеңіл зақым келтіру», 223 -бабының «Тұтынушыларды алдау» және т.б. баптар бар.

Қылмыстық кодексті ізгілендіруге байланысты бұл құқық бұзушылықтар үшін 50-ден 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе 45 тәулікке қамауға алу қарастырылған. Заң қолданысқа енгеннен бері мамандандырылған әкімшілік сотта ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79- бабы бойынша 136, 320-бабы бойынша 4 әкімшілік іс қаралған.

Серікбол Сапарғалиев, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы:
– ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320 -бабы бойынша әкімшілік істердің біреуі тоқтатылып, 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды . 2011 жылғы шілденің 9-нда шекаралық бақылау кезінде «Петропавл-Омбы» бағытындағы жолаушылар поезында жалпы салмағы 269,31 грамм марихуана сақтаған азамат Макутунович ұсталған болатын.

Мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысына сәйкес бұл азамат әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ғана айыпты деп танылды. Сезікті 10 тәулікке қамауға алынып, есірткі заты жойылған.

Инеш Шоқақова