Бизнес және экономика

Үлкен құрылыс базары

«Барс Строй» құрылыс материалдары дүкендері желісінің тағы бір сауда орны Астана  көшесінде бой көтерді. Оның салтанатты ашылуына қала әкімі Нұржан Әшімбетов қатысты.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:

-Әрі қарай орталықты босатып, сол жерге жаңа ғимараттар салып, қаламызды көркейтеміз. Осында міне бүгін модуль ашылып жатыр, әрі қарай осындай модульдер көбейеді.Сатушыларға да, сатып алушыларға да жағдай жасалған, жылу, басқа да мәселелер.Осындай дүкендер ашылса, конкуренция пайда болып, бағалар төмендейді деп есептейміз.

Аталмыш базарда 50 – ден астам дүңгіршік пен 170 – ке тарта контейнер бар. Бұнда негізінен құрылыс пен тұрмысқа қажетті заттар, сондай – ақ мал азығы саудаланады. Дүкеннің ашылуы жаңа 400 жұмыс орнын қамтамасыз етті.

Александр Фомин, базар директоры:

-Біздің компания негізінен құрылыс материалдарын сатумен айналысады. Бүгінде қала бойынша бірнеше сауда орындарымыз орналасқан. Оның қатарында «Барс строй» дүкені, орталық көтерме базары бар. Аталмыш дүкенде бізбен қоян – қолтық жұмыс істейтін әріптестеріміз өздерінің тауарларын қойып отыр.

Сауда орнының ашылуына қалалықтар көптеп жиналды. Дүкенді аралаған тұрғындар  бағалар қол жетімді екенін алға тартуда.

Людмила Сычева, қала тұрғыны:

-Мен бұл дүкеннен алыс тұрмаймын. Бағалар көңілімнен шыққан соң осында келіп, қажетті заттарды алмақпын.

Аталмыш базарды салу идеясы 2008 жылы туған екен. Енді, міне араға бірнеше жыл салып, «Үлкен құрылыс» сауда орны өз тұтынушыларын қабылдауға әзір.

Жандос Наурызбаев