Спорт

Самбодан іріктеу туры

Бүгінгі сайысқа барлығы 9 бөлімшенің курсанттары қатысып отыр. Самбошылар 7 салмақ дәрежесі бойынша өз араларындағы мықтыларын анықтайды. Оқу ордасында осы сынды спорт додалары үнемі өткізіліп тұрады. Сондықтан болашақ офицерлер жақсы жаттыққан, жетістіктері де аз емес.

Бауыржан Досжанов

,  Дене шынықтыру және спорт кафедрасының бастығы:
– Былтыр біз ішкі әскер ішінде бірінші орын алғанбыз самбо жарысынан. Сол мақсатымызды әрі қарай жеткізіп, тағы да бірінші орын аламыз деп ойлаймыз. Мақсатымыз сол. Балалардың дайындықтары жақсы.

57 кг салмақ дәрежесі бойынша бірінші болып сынға түскен Нұргелді Телман үшін алғашқы сайыс оң нәтижесін берді. 8:0 есебімен ол қарсыласынан оқ бойы алға шықты.

Нұргелді Телман, курсант:
– Бұл жеңіс маған оңайлықпен жеткен жоқ. Үлкен күш салып, өз техникам мықты болып, қарсыласымнан асып кеттім.

Бұл спорт түрі қазақша күреспен ұқсас дейді жарысқа қатысушылар. Сондықтан болар кезекті кездесу Әлібек Срайыловтың пайдасына шешілді. Бұған дейін Әлібек еркін күреспен әуестенген, самбомен айналысқанына 1 жыл ғана болыпты.

Әлібек Срайылов, курсант:
-Осы жарыста қарсыласым өте мықты. Жарысқа бірінші жыл қатысып отырмын. Дайындық жақсы. Бірінші орын аламын деген ниеттемін.

Жарыс қорытындысы бойынша 57 кг салмақта – Қанабек Омаров, 74 кг салмақта – Алмас Бекенов жеңімпаз атанса, 90 кг дәрежеде Қалихан Мақарамов бірінші орынға ие болды. Іріктеуден өткен жеңімпаздарды енді ақпан айында Алматы қаласында өтетін біріншілік күтіп тұр.

Әспет Әбдірешова