Кеден

“Жігіт сұлтаны”

 

Қос бірдей мереке қарсаңында “Жігіт сұлтаны” байқауы облыстық кедендік бақылау департаментінде тұңғыш рет ұйымдастырылуда. 7 кезеңнен тұратын сайысқа аталмыш мекеменің 5 қызметкері қатысуға ниет білдірген. Олар “өзін – өзі таныстыру”, “сегіз қырлы,бір сырлы” , “қызықты ойын бой сергітеді” және басқа аталымдарда сайыпқырандарды анықтамақ.

Әсемгүл Исина, СҚО КБД бөлімінің бас маманы:

-Мерекеміздің мақсаты – жас жігіттеріміздің арасында мемлекеттік тілге деген көзқарасын жақсарту. Ата салт-дәстүрімізді насихаттау. Қазақ халқының әдеп – ғұрыптарын білуге талпындыру.

“Жігітке жеті өнер де аз”,- дегендей, ел қорғаны ер – азаматтардың бойындағы өнерін сарапқа салатын “Жігіт сұлтаны” байқауына 5 кеденші қатысты. Солардың бірі Петропавл кедендік рәсімдеу орталығы кеден бекетінің маманы – Бауыржан Салтаев. Байқау шарттары бойынша қатысушы 7 түрлі сыннан сүрінбей өтуі керек.

Бауыржан Салтаев,  байқауға қатысушы:

-Өзіміздің дайындаған өлеңдеріміз, шығармашылық ән-жинақтарымыз, қолөнерімізді жинап отырмыз. Орын аламыз деп отырмыз.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Олег Галицкий жеңіп алды. Кинолог Асан Тілеуқабыловқа екінші орын бұйырса, үштікті Бауыржан Салтаев түйіндеді. Байқау жүлдегерлері сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Жандос Наурызбаев