Құқық қорғау органдары

“Есте сақта және ойлан”

 

 

 

Акция облыс орталығындағы ең қауіпті жол қиылыстарында ұйымдастырылды. Шара барысында дабылдарын қосқан бірнеше автокөлік легі көше бойы тізіліп өтті. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жүргізушілерге өңірімізде орын алған жол-көлік оқиғаларынан хабардар ететін парақшалар үйлестірді. Жол қозғалысы құрбандарын еске алу үшін ақ ленталар тартты.

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД ЖПБ инспекторы:
-Үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде облысымызда 261 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 47 адам көз жұмып, 319-ы түрлі дәрежедегі жарақат алды. Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жылдамдықты асыру, жол ережелерін сақтамау, белгіленбеген жерде жол қию және қарама-қарсы қозғалыс жолына шығу болып табылады.

“Есте сақта және ойлан” акциясы дәстүрге айналған. Ол тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің барлық қалаларында ұйымдастырылады. Елімізде автокөлік апаттары салдарынан жыл сайын 3 мыңнан астам тұрғын көз жұмады. Осындай шара арқылы тәртіп сақшылары солтүстікқазақстандықтарды жол қауіпсіздігін сақтау мәселесіне бей-жай қарамауға шақырмақ.

Инеш Шоқақова