Мәдениет

“Орталық Азиядағы археологиялық зерттеулер”

 

 

 

Құнды тарихи жәдігерлерге толы көрмені Германияның археологиялық институты ұйымдастырып отыр. Мұнда екі елдің өзара әріптестігінің арқасында табылған археологиялық қазбалардың нәтижесін көруге болады.

Маркус Энгель, СҚО бойынша неміс тілінің әдіскері:
– Германия мен Қазақстан арасында мәдениет пен білім беру саласында тығыз қарым-қатынас орнаған. Соның бір дәлелі ретінде Германия Археологиялық институты мен Орталық Азия елдері арасындағы әріптестікті атап өткім келеді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады деп ойлаймын.

Бұл көрмеден қола дәуірінен бастап, Александр Македонскийдің жорықтарына дейінгі зерттеулерді қамтитын 50 фотосуретті көруге болады. Бұлардың бәрі көрмеге келушілердің ерекше қызығушылығын тудырары сөзсіз.

Социал Жұмабаев, «Асыл мұра» орталығының мүшесі:
– Германия мемлекетімен тәуелсіздік алғаннан бері дипломатиялық байланыс орнатылды. Осындай көрмелердің ұйымдастырылуы соның жалғасы деп ойлаймын.

 
Фотокөрмедегі әр жәдігер ерекше. Ең құндыларының бірі – 1997-99 жылдары зерттеле бастаған Сергеевка қаласының маңындағы Байқара обасынан табылған алтын қаптырмалар.  

Әлия Үсейінова, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:
– Бұл Байқара обасы б.з.д. 5-4 ғ.ғ скиф-сарматтардың қорғаны  болған екен. Яғни олар өздерінің ақсүйектерін солқорғанда жерлеген болатын. Ол бізге өте ерекше.  

Фотокөрме тұрғындарды наурыздың 18-не дейін қуантпақ.

Инеш Шоқақова