Денсаулық сақтау

Полиомиелиттің алдын алу шаралары қолданылып жатыр

 

 

 

Полиомиелит немесе балалардың сал ауруы. Дерт балалар мен жасөспірімдердің орталық жүйке жүйесіне, бірінші кезекте жұлынға əсер ететін, кейде сал ауруына əкеліп соқтыратын өткір, жұқпалы ауру. Өткен жылдың наурыз айына дейін әлемде полиомиелит қоздырғышы тек 4 мемлекетте тіркелген. Олар – Нигерия, Үндістан, Пәкістан және Ауғанстан. Кейін бұл тізімге Тәжікістан қосылды.Онда салға ұшыраған науқастардың саны 200-ден асады. Ал, аталмыш індет шілде – тамыз айларында Қытайдың Синцзян – Ұйғыр автономиялық округінде белең алған болатын. Осыған байланысты елімізде алдын алу шаралары күшейтілуде.

Юрий Пузиков, СҚО СЭҚД бастығының орынбасары:

-2002 жылдан бастап елімізде аталмыш індет тіркелген жоқ. Жыл сайын осы дертке қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Полиомиелит ауруы бар деген күдік туған жағдайда адамды ауруханаға жатқызып, оқшауландыру қажет. Сонымен қатар ластанған су қоймаларында суға түсуден сақтанып, су, тамақ, сүт өнімдерін таза жерде ұстаған аса маңызды.

Бүгінгі күні елімізде аталмыш дертке шалдыққан азаматтар тіркелген жоқ. Қытай елінде орын алған оқиғадан кейін облысымызда бес жасқа дейінгі 50 мыңнан астам сәбиге егу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі басқосуға қатысқан дәрігер-мамандар аудандардағы жағдай тұрақты екендігін жеткізді. Шал ақын ауданында да полиомиелитке қарсы шаралар қолға алынып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Ерік Смайылов, Шал ақын аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары:

-Шал ақын ауданында 15  жасқа дейінгі балалардың барлығы 100 пайыз ем алды. Әрқашан назар аударылып, барлық шаралар қолданылып жатыр. Тұрғындарымыз аудан газеттері арқылы хабарландырылып жатыр.

Бүгінгі күнгі ресми мәліметтерге сүйенетін болсақ, әлемде балалар арасында полиомиелитпен сырқаттанушылық жағдайы 99 пайызға дейін төмендеген. Аталмыш індетті тек полиомиелитке қарсы егу арқылы ғана тоқтатуға болады. Бұл вакцина балаларды өмір бойына полиомиелит вирусынан тиімді қорғайды. Қазақстанда соңғы рет мұндай науқас 1995 жылы тіркелген екен.

Жандос Наурызбаев