Білім

«Ломоносов мұрасы»

21 орта мектеп ұстаздары мен оқушылары Михаил Ломоносовтың туған күнін жыл сайын атап өтеді. Себебі бұл білім ошағы осы ұлы ғалымның есімімен аталады. Кеште Ломоносовтың ғылым жолындағы жетістіктері еске алынды. Жасөспірімдер 7 ғылым саласында түрлі зерттеулер жүргізіп, жаңалықтар ашқан ғалымды үлгі тұтады. Және ағартушының жолын қуып, түрлі зерттеулермен әуестенеді. Тіпті өздерінің «Ломоносовтықтар» деген ғылыми қоғамын да құрып алыпты. Бүгінгі шарада осы ұжымның мүшелері өз еңбектерін қорғайтын болады.

Наталья Букатова,  № 21 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
-Бүгін бізде бірнеше зерттеу жұмыстары қорғалатын болады. Оның ішінде 5 жоба және 5 баяндама бар. Жеңімпаздар 3 күннен кейін ол еңбектерін қалалық байқауға ұсынады.

Жастар дайындаған еңбектердің тақырыбы әр алуан. Мәселен, 9 сынып оқушысы Дана Дәкенова әзірлеген жоба «Діннің қазіргі қоғамға әсері» деп аталады. Оқушы тақырыпты ұзақ уақыт бойы зерттепті.

 

Дана Дәкенова, № 21 орта мектеп оқушысы:
-Біз Қазақстанда тұратындықтан бірнеше дінді қарастырдым. Олардың қашан және қайда пайда болғанын зерттедім.

Анастасия Мельникова өз мектебі туралы жазуды ұйғарыпты. Жас зерттеуші ұлы ғалымның есімі берілген білім ошағы 55 жылдық тарихында көптеген тың жетістіктерге жетті дейді.

Анастасия Мельникова, № 21 орта мектеп оқушысы:
-Менің еңбегім «№21 мектеп тарихы» деп аталады. Айтқым келетіні, біздің білім ошағында көптеген атақты оқытушылар жұмыс істепті. Талай үздік түлектер қанат қағыпты. Сондықтан осы адамдардың табыстарына тоқталуды жөн көрдім.

Осы және т.б. ұсынылған еңбектердің барлығын СҚМУ профессорлары бағалады.

Гүлден Төлеген