Бизнес және экономика

Жерлестеріміз Елордада 4 инновациялық жобаны таныстырды


 

 

Елордада өткен Қазақстан халқы  Ассамблеясының форумына республикадан 60 – қа тарта жоба ұсынылды. Негізінен олар ауыл шаруашылығы, құрылыс және өнеркәсіп салаларына бағытталған. Облысымыздан бұл басқосуға «Дуслық» татар – башқұрт мәдени орталығы барып қайтты.

Фанис Литфуллин, «Дуслык» татар – башқұрт мәдени орталығының мүшесі:

-Жобалардың басым бөлігі өзінің құндылықтарымен ерекшеленеді. Себебі: бұнда барлық салалар қамтылған. Бұлардың ойдағыдай жүзеге асуы еліміз үшін тиімді болар еді.  

Форумда облысымыз 4 инновациялық жобаның таныстырылымын жасады. Оның барлығы экономикалық және әлеуметтік әсер бермек. Аймағымызда қолданысқа ие жобаның бірі «арнайы элеваторлық түйін». Ол үйлерге берілетін жылуды 60 пайызға сақтайды. Сондай – ақ «жылу-электр орталығындағы күлді тыңайтқыш ретінде пайдалану», «шипалы сазбалшық өндіру» жобалары ұсынылған.

Фанис Литфуллин, «Дуслык» татар-башқұрт мәдени орталығының мүшесі:

-Жобалар өте маңызды. Бір жаңашылдықтың құны орта есеппен 10 млн теңгеге бағалануда. Бүгінде инвесторлар қызығушылық танытып, ұсыныстар түсуде.  

Сондай-ақ форум аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы, индустрия және технологиялар министрлігі мен кәсіпкерлер арасында үш жақты меморандумға қол қойылған. Бұл аталған жобаларды жүзеге асыруда айтарлықтай сеп болады, дейді мамандар.

Жандос Наурызбаев