Құқық қорғау органдары

Сағат тықылы екі бірдей вокзалды әуре-сарсаң қылды

Оқиға болған жерге шұғыл түрде Ішкі істер департаментінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері және арнайы мақсаттағы «Арлан» тобы шыққан. Жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде тұтастай теміржол вокзалы тексеріліп, азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді. Вокзалдағы жүк сақтау қоймаларын тінтіп шыққан саперлар мен кинолог мамандар сөмкелердің бірінен жұмыс істеп тұрған сағатты тапқан. Тексеру барысында оның еш қаупі жоқ екендігі анықталды. Араға бірнеше сағат салып, 12:20-да ұқсас жайт сапаржайда орын алды. Осыған орай қаладағы барлық күш құрылымдарының қызметкерлері жұмылдырылып, тәртіп сақшылары сөмкелердің бірінен сағат тапқан. Бір күнде екі қоңырау түсіп, жолаушыларды әуре-сарсаңға салған бұл ақпарат әйтеуір жалған болды.

Спартак Қабденов,  СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

 

-Тексеру барысында бірінші жағдайда темір жол вокзалында болған оқиғаға байланысты жүк Көкшетау станциясынан РФ Рязань облысына жолданған.Оның ішінде батарейкасы қосулы сағат табылды. Екінші жағдайда аудан тұрғындарының бірі облыс орталығында алған заттарын уақытша сақтау қоймасына қалдырып кеткен. Оның ішінен де сағат табылды.Полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсізідігін қамтамсыз етіп, барлық жағдайлар жасалуда.

Жандос Наурызбаев