Салық басқармасы

Қосымша құн салығын камералдық бақылау қорытындысы

 

 

 

Бүгінде облысымызда 2,5 мыңға жуық қосымша құн салығын өтеуші тіркелген. Арнайы бақылау барысында олардың 13 пайызының есептерінде қателіктер анықталған. Көбіне қосымша құн салығында сәйкестік жоқ. Олқылықтарды түзеу керектігі жөнінде толтырылған 181 хабарламаның 156-да айырмашылық 950 млн теңгені құрап отыр.

Гүлнәр Жүсіпова,  СҚО салық департаменті бөлімінің бас маманы:
-Салық кабинетіне жолданған мұндай хабарламалар салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші кабинетіне хабарламаларды жолдау күнінен бастап 5 жұмыс күні өтсе табыс етілген деп саналады. Кейін заңнамамен белгіленген хабарламаларды орындау уақытын есептеу басталады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін салық төлеушіге 30 күн уақыт беріледі. Және осы уақыт аралығында салық есептілігін тапсыруы тиіс. Кемшіліктерін мойындамайтындарда кездесіп жатады дейді мамандар.

Гүлнәр Жүсіпова,  СҚО салық департаменті бөлімінің бас маманы:
-Бұл ретте салық төлеуші салық органдарына осы тармақта көрсетілген түсініктемелерге қоса салық есептелігінде көрсетілген деректердің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Белгіленген мерзім ішінде ескертуге құлақ аспағандары әкімшілік жауапқа тартылады.

Гүлнәр Жүсіпова,  СҚО салық департаменті бөлімінің бас маманы:
-Кодекстің 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операциялары уақытша  тоқтатылады және ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 219- бабына сәйкес 22 680 теңге сомасында айыппұл салынады.

Егерде заңды елемеушілік қайталанса, айыппұл 30 АЕК мөлшеріне дейін өсетін болады. Сонда салық төлеуші 45360 теңге айып төлеуге мәжбүрленеді.

 Жеңіс Ермұқанов