Бизнес және экономика

Қарашаның 15-і – Ұлттық валюта күні

 

 

Ұлттық валюта – теңге орта ғасырларда пайда болды. Тарихи деректерге жүгінсек, Қазақстан аумағында бұған дейін сауда-саттық өзге мемлекеттердің ақшасымен жүргізілді.

Михаил Вервикишин, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмелер мен экспозициялар ұйымдастыру маманы:
-Қазақстан аумағында сауда-саттықтың дамуына байланысты көптеген ақша түрлері қолданыста болған. Кушан патшалығынан бастау алған шаш, дхарма, дехрем сынды көптеген ақша түрлері болған.

Деректер бойынша еліміздің аумағындағы алғашқы күміс монета 15 ғасырда пайда болған. Отырар қаласында «таньга» деген атпен құйылған монета бүгінгі теңге атауының шығуына себепкер болған. Ал Қазақстанның ұлттық валютасы, төл теңгеміздің тарихы 1992 жылдан бастау алады. Алғашқы қағаз ақша Ұлыбританияда басылды. Ұлттық валютаның бекуі ел экономикасының аяғынан нық тұруына да септігін тигізді.

Асқап Сақыпкереев, СҚО бойынша қазынашылық департаментінің бастығы:
-Бүгін Қазақстан ұлттық валютасының күні. Біздің валютамыздың айналымға енгеніне 18 жыл. Бұл өте қысқа мерзім. Осы уақыт аралығында ұлттық валюта нығайып, бекіді. Алғашқы шыққан теңгелерде 14 қорғаныш сатысы болды. Қазір олардың саны 18-ге жетті.

Ұлттық валютаның қолданысқа енуі мемелекетте қаржы саласының өркендеуін айтарлықтай өзгерістер әкелді. Қаржыгерлер бұл күнді кәсіби мереке ретінде атап өтеді.