Өңірге жұмыс сапарымен Сенат депутаттары келді

Аптадағы маңызды жаңалықтар

15:48 15 Қараша 2011

Еліміздегі ұлт пен ұлыс бірлігі мен келісімінің айқын айғағы – № 17 ұлттық өркендеу мектеп-кешені. Оқу орнында 11 ұлттық бөлімде екі жүзден астам оқушы білім алуда. Мұнда түрлі ұлт өкілдері ана тілдерін оқып, халқының әдеп-ғұрпын танып білу мүмкіндігіне ие. Тұрақтылық, бейбітшілік және келісім – қазақстандықтардың баға жетпес құндылықтары. Бұл біздің егемендігіміздің жемісі. Еліміздің жиырма жылдағы толағай табыстарын сенаторлар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының активімен өткен кездесуде әңгімеледі. Осы азғана уақыт ішінде халқымыздың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді. Барша қазақстандықтар өзге елдермен терезесі тең, алдына айқын мақсат-міндет қойған демократиялық мемлекет құрды. Әлбетте, мемлекет басшысының көреген жетекшілігімен.
Еліміздің татулық пен тұрақты­лықтың берекелі бекетіне айна­луына Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен үлес қосып келеді. Мұны Сенат депутаттары айырықша атап өтті. Бүгінде еліміздегі бірегей институт өркениетті әлем­ге өзінің өміршеңдігін дәлелдеп берді. Түрлі ұлт өкілдерінің достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған жүйелі саясатымыз бүгінде халықаралық қауымдастықта құрметке ие. Ал тұрақтылық пен келісім – бұл күн сайынғы үлкен жұмыс, оны жылдан-жылға, ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп жалғастыру қажет. Бұл ретте Ассамблеяға ұлт­тық бірлікті нығайтуда үлкен міндеттер жүктелген. Бірегей институт ел тәуесіздігінің 20 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге белсене қатысуы тиіс деп атап өтті халық қалаулылары. Сондай-ақ Ассамблеяға еліміздің табыстарын насихаттау, таяудағы онжылдыққа арналған мін­деттерді түсіндіру жүктеледі. Мемлекеттік тілді дамы­ту маңызды басымдық болып қала береді.

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге атсалысуымыз қажет. Қазқ тілін оқып-білу – біздің парызымыз. Жастарымызды баулу қажет.

Сенаторлар бұл күні сондай-ақ Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерімен кездесті. Жиында мемлекет басшысы айқындап отырған мақсат-міндеттер сөз болды. Оларды орындауға ел жастары белсенді жұмылуы тиіс.  Күннің екінші жартысында Сенат депутаттары “Зенченко и К” командиттік серіктестігінде болды. Олар кәсіпорынның метериалдық-техникалық базасымен танысты. Бүгінде мұнда сүтті бағыттағы 1000 бастан артық  сауын мал күтіп-бағылуда. Олар тәулігіне 10 тонна сүт береді. Сондай-ақ депутаттар кәсіпорынның техникаларын да көрді.

Айымгүл Әбілева

Бұдан әрі оқыңыз

Жұқпалы дертке шалдыққандарға арналған орындар көбейтіледі
Бескөлдегі орталық жылыту қазандығы жөнделіп жатыр
СҚ әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша – үздіктер қатарында
Шал ақын ауданының әкімі ауысты
Кадрлық ауыс-түйіс
Облыс әкімдігінің отырысы
Облыстық көпбейінді ауруханада 200 орындық стационар ашылды
СҚО-да карантин қағидалары қайта қатаңдатылды
Жергілікті “Нубаев шұжықтары” өнімдеріне сұраныс жоғары
Өңірде тағы 6 адамнан коронавирус табылды
“Біргеміз” қоры 4-ші рет мұқтаж жандарға көмек көрсетпек
Ғ.Мүсірепов ауданында биыл 234 км жол жөнделеді