Спорт

Спортшылар олжалы оралды

 

 

 

Қарашаның  3 – 6-сы аралығында өткен ел біріншілігінде әр өңірден 200-ге тарта спортшы бағын сынады. Додада өңір каратешілерінің  көрсеткен нәтижесі қуантарлық. Облыс қоржыны 1 алтын, 1 күміс және 2 қола алқамен толықты.

Нұрсұлтан Амандақов,  алтын алқа иегері:
– Мен Орал, Теміртау қалаларының спортшыларымен кездестім. Олар осал болған жоқ. Бірақ мен оларды жеңдім. Алдағы уақытта да жеңіске жетемін деп ойлаймын.

Ал Нұрсұлтанның інісі Мырзахметтің бұл спорт түріне ден қойғанына 6 жыл болыпты. Бастама жаман емес. Республика біріншілігінде көрсеткен нәтижесі осының дәлелі.

Мырзахмет Амандақов, күміс алқа иегері:
– Теміртау қаласында спортшылар өте мықты болды. Финалда астаналық қарсыласыммен шығып, ұтылдым. Екінші орынға ие болдым.

Жарысқа республиканың түкпір-түкпірінен жиналған спортшылардың арасында солтүстікқазақстандық каратешілердің дайындығы мен шеберлігі кем түспеген.

Асхат Сақыпкереев, СҚО карате-до федерациясының президенті:
– Амандақов Нұрсұлтан мен Мырзахмет жарыс қорытындысы бойынша спорт шеберіне үміткер деген нормативті орындады.  Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары.

Ал ел біріншілігінде қола алқаны еншілеген Дамир бұл жарыс алдағы сайыстарға дайындалуға серпін бергенін айтады.

Дамир Ерманов, қола алқа иегері:
-Менің қарсыластарым өте мықты болды. Мен 3-ші орын алдым. Алдағы уақытта талай жарыстарға дайындалып, жеңімпаз болуды ойлаймын.

Енді жас спортшылар Шымкент қаласында өтетін халықаралық турнирға дайындық үстінде.

Инеш Шоқақова