Салық басқармасы

20 мың солтүстікқазақстандық әлі ЖСН алған жоқ


 

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі жаңа жылға дейін сәйкестендіру нөміріне алмастырылуы тиіс. Бұл мерзімнен кешіккен жерлестеріміз біршама қиындықтарға тап болады. Көпке түсінікті тілмен айтқанда ИИН-нің салық төлеуші нөмірінен артықшылығы – ол жеке берілмей, төлқұжатқа енгізіледі. 12 саннан тұратын нөмір фотосуреттің оң жағында азаматтың туған жылының астында орналасуы тиіс.

Сәлима Рамазанова, СҚО салық департаменті бөлімінің бас маманы:
– 2012 жылдың 1 қаңтарынан жеке сәйкестендіру нөмірлері жоқ жеке, заңды тұлғалар өздерінің салық және басқа да міндетті төлемдерді, ақша аударымдарын, әлеуметтік жәрдемақылар мен өзге де заңды маңызы бар міндеттерін жүргізе алмайды.  

Сондықтан сәйкестендіру нөмірі жазылмаған жеке куәліктерді жедел ауыстыру қажет. Салық органдары базасында ондай азаматтардың саны 20 мыңға жуық екен. Мұндай жеке тұлғалардың тізімі www. салық. kz ақпараттық порталында көрсетілген.

Сәлима Рамазанова, СҚО салық департаменті бөлімінің бас маманы:
– Егер де жеке сәйкестендіру нөмірі бола тұра тізімде өзін тапқан азамат Кәрім Сүтішев 56 А мекенжайында орналасқан облыстық салық департаментіне келуі тиіс. Ондағы 17 терезеге жеке куәлігі мен үй кітапшасының көшірмесін көрсетуі керек. Кейін біз оның сәйкестендіру нөмірін салық базасына тіркейміз.  

Әзірге, ескі төлқұжаттарды жаңасына ауыстыру жұмыстары тегін жүргізілуде. Мұндай мүмкіндік жаңа жылға дейін ғана беріледі. Кейін құжаттар тек қана ақылы түрде жасалмақ.

 Жеңіс Ермұқанов