Билік

Жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдері

 

Жыл сайын жемқорлықтың тамырына балта шабу шаралары күшейтілгенімен әлеуметтік зұлымдыққа жол беретіндердің қатары азаяр емес. Өткен жылмен салыстырғанда пара алушылық фактілері көбейген. Жиынға қатысушылар қоғамдық зұлымдықпен ел болып күресу керек дейді.

Николай Ухов, “Нұр Отан” ХДП Петропавл қалалық филиалының жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы:
– Біз қоғамдық бірлестіктермен бірігіп біраз шаруа тындырдық. Әсіресе жемқорлықпен күресуде ардагерлер кеңесі мен облыстық әйелдер қауымдастығының көмегі мол. Өзгелері де бұл игі шараға бір адамдай тартылса нұр үстіне нұр болар еді.  

Жемқорлықтың кең тараған түрлері пара беру мен қызмет бабын асыра пайдаланушылық дейді халық қалаулылары. Осыған қатысты жыл басынан “Нұр Отан” ХДП жемқорлықпен күрес қоғамдық кеңесіне 39 шағым түсіпті. Сондай-ақ құрылыс компаниялары мен коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына шағымданушылар көбейген.

Александр Казанцев, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:
-Енді ғана асфальт төселген тас жолмен экскаватор жүргенін көрдім. Әлі қатып үлгермеді, қайта төсеу керек болды. Қазынадан бөлінген қаржы далаға кетті. Осындай олқылықтарды да ескерген жөн. Біз қаланы абаттандыру жұмыстарын тексеретін комиссия құратын боламыз.

Жиын соңында қатысушылар жемқорлыққа қарсы қоғамдық коалиция құру жөніндегі меморандумға қол қойды.