VІ республикалық шеберлік сабақтары

Мәдениет

16:21 11 Қараша 2011

Гүлімай Темірова жастайынан сурет салу өнеріне жақын. Ол табиғат көріністері мен натюрморттарды қағаз бетіне бейнелегенді ерекше ұнатады екен. Республикалық шеберлік сыныбынан соң Гүлімай өзінің суреттеріне жаңа қырынан қарап, бұл өнердің заманауи әдістерін игеріпті.

Гүлімай Темірова, қалалық көркемөнер лицейінің тәрбиеленушісі:
– Мен шеберлік сыныптарында бірнеше сурет салдым. Оның ішінде мына бір суретім ерекше ұнады. Оны гуашь көмегімен бейнеледім.

Балалардың сапардан алған әсерлері мол. Бояуды қағазға шашыратып  сурет салу тәсілі ерекше қызықтырыпты. Сондықтан күзгі пейзаж тақырыбындағы туындыларын олар зор ынтамен жасаған.

Наталья Ковалева:

-Біз өзге өңірлердің жас суретшілерімен таныстық. Уақытты өте көңілді өткіздік.
Павел Лешенко:
– Біз өте көп сурет салдық. Табиғат аясына шығып, өз жұмыстарымызда таулардың бейнесі мен күз мезгіліндегі көріністі салдық.
Карина Боева:
– Мен болашақта дизайнер немесе суретші болғым келеді. Сондықтан мұндай шеберлік сыныптары келешекте маған өте қажет болады деп ойлаймын.

Мұндай республикалық шеберлік сыныптары жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл сурет салумен қатар қолөнер бұйымдарын жасауға да үлкен көңіл бөлінді.

Эльвина Ялунина, қалалық көркемөнер лицейінің оқытушысы:
– Біз мұндай шараларға қатысу арқылы сурет салудың, қолөнер бұйымдарын жасаудың жаңа элементтерімен танысамыз.Өзіміздің білгенімізбен де қуана бөлісеміз. Әсіресе балалар үшін бұл сапар ерекше қызық болды деп ойлаймын.

Енді жас суретшілер шеберлік сыныптарында меңгерген білімдерін әрдайым өз жұмыстарында қолдануға асық.

Бұдан әрі оқыңыз

Қуыршақ театрының 30-шы маусымы аяқталды
Ашық аспан астындағы сабақ
Әлем таныған Абай
әл-Фарабидің тағылымына арналған онлайн жиын өтті
Облыстық қуаршақ театрында жөндеу жұмыстары жүргізілуде
“Бұлбұлдар түні” қойылымы сахналанды
26 жастағы солтүстікқазақстандық қысқа метражды фильм түсірді
“Абайды оқы, таңырқа” марафоны мәресіне жетті
“Қасиетті Қазақстан” жинағының 4-ші тобы жарық көрмек
“Тарт домбыра” облыстық байқауы өтуде