Мәдениет

Қуыршақ театры халықаралық фестивальға қатысты

 

 

 

Облыстық қуыршақ театры халықаралық фестивальға шақыртуды тамыз айында алған болатын. Содан бастап өнер ұжымы құжаттарын жинап, Астанадағы іріктеу кезеңіне дайындалды. Атап өтетіні, 6 труппа арасында біздің солтүстікқазақстандықтар топ жарған екен. Сөйтіп, өз өнерлерімен шетелдіктерді тәнті етуге Әзірбайжан елінің астанасы Бакуге аттанған.

Сергей Орлов, облыстық қуыршақ театрының директоры:
-Біз Қазақстанның атынан барған жалғыз өнер ұжымымыз. Фестивальге 22 ел қатысты. Оның ішінде Испания, Австрия, Британия, Иордания сынды мемлекеттер де болды.

Фестивальге  түркітілдес 22елдің театр ұжымы қатысқан. Олар осы кездесуге арнайы дайындап келген спектакльдерін Бакудің ең керемет үш театрында сахналаған. Актерлардың айтуынша әр ел өзіндік шығармашылық ізденісімен ерекшеленіпті. Көбі қойылымдарына инновациялық техникаларды кіріктірген. Ал біздің труппа “Загадка курочки Рябы” классикалық қойылымымен шетелдік сыншылардың жоғары бағасына ие болған.

Сергей Орлов, облыстық қуыршақ театрының директоры:
– Бізге әлі шығармашылық ізденіс қажет екен. Оларда анимациялық өнер жақсы жолға қойылған. Мәселен, Ұлыбритания проектормен көп жұмыс жасайды. Дегенмен біздің апарған орыс фольклоры да ешкімнен қалыс қалмады.

Облыстық қуыршақ театрының труппасы фестивальден көп тәжірибе жинақтап қайтыпты. Тіпті бұрын көрмеген өнер түрлерімен танысқан. Жерлестеріміз шетелдік өнер ұжымдарынан үйренетін тұстар көп дейді. Бір қуантарлығы,  жергілікті театр 2013 жылы өтетін фестивальға тағы да шақырту алып қайтқан.

Гүлден Төлеген