Мәдениет

Мәскеулік сахнагерлер Петропавлда өнер көрсетті

 

Сахнада өнер саңлақтары қарапайым өмірді сомдады. Оқиға Италиядағы киім дүкендерінің бірінде өрбиді. Ресей театрының актері Жан Даниэль мұнда бас есепші қызметінде. Нәзік жандардың жүрегіне жол тапқан оның мойнындағы қарыз да аз емес. Ойламаған жерден тап болған ұры мәселені шешуде жақсы ой тастайды. Ұры бейнесіндегі белгілі актер Андрей Носков  – музыкалық комедияның қоюшы режиссері. Өзіне тиесілі ролді ол ойдағыдай орындап шықты. Белгілі тележүргізуші Анфиса Чехова бұл спектакльде талай ердің жүрегіне шоқ салған сұлу бикеш Лоланың кейпіне енді. Аталмыш бейне әртістің театр сахнасындағы алғашқы ролі. Оның орындауындағы ән мен би көрермендер қауымын серпілтіп тастады. Өнер туындысы өз деңгейінде сахналанды. Көрермендер актерлерге орындарынан тұрып, қошемет көрсетті.

– Бізге спектакль өте ұнады. Сөз жоқ, бәрі жақсы өтті.
– Тамаша әсер алдым. Бастысы әртістер өз ролдерін жақсы ойнап шықты.