Қоғам

Кітапханашылар ел тарихын танытуда

 

Шухов атындағы қалалық орталық кітапхананың қызметкерлері тарихты білмей жарқын болашақ құру мүмкін емес деген қағиданы ұстанады. Сондықтан   кітапханашылар тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өңір тұрғындарымен кездесіп, қазақ жерінің шежірелі тарихы жайында сыр шертуді дәстүрге  айналдырған. Бұл жолы кітапханашылар қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген желілік ішкі істер бөліміне қонаққа келді.

Татьяна Сарочева,  И.П. Шухов атындағы қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы:
– Біз елжандылыққа баулитын шараларды жастармен ғана емес, мемлекеттік қызметкерлермен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен де өткіземіз. Ұжымдарға жиі барып тұрамыз. Биылғы көздеген мақсатымыз  – ел тарихынан тереңірек ақпарат тарату.

Татьяна Сарочева тыңдаушыларына әңгімесін 5-ші ғасырда қазақ жерін мекендеген аты аңызға айналған сақтар тайпасынан бастады. Қазақ хандығының құрылуы, батырлардың жерімізге көз алартқан жаумен шайқастары жайлы тарихи деректер келтірілді. Тәуелсіз Қазақстанның шежіресінде қалатын соңғы 20 жылда орын алған тың өзгерістер де әңгіме өзегіне айналды.  
Биыл теміржол бойында 94 қылмыс тіркеліп, ізі суымай ашылған. Оның 16-сы есірткі тасымалы мен саудасына қатысты. Заңсыз айналымнан 9 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленген.

Жеңіс Ермұқанов