Қылмыс

Тәртіп сақшылары тағы бір ұрының жолын кесті


 

Ірі көлемдегі қаражаттың қолды болғанын дүкен иесі таңертең бір-ақ байқаған. Арақтың буына қызып алған сатушы ақшаның қайда кеткендігі жөнінде мардымды жауап қайтара алмаапты. Абырой болғандағ біреудің мүлкіне қол сұққан арамтамақ сауда нүктесінде орнатылған бейнебақылаудың обективіне түсіп қалыпты. Ұрының кім екенін анықтау тәртіп сақшыларына қиындық туғызған жоқ.

Қуандық Бақтияров,  2-полиция бөлімінің тергеушісі:
-Айыпталушы Петропавл қаласының тұрғыны, 1977 жылы туған, бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Көп ұзамай бірер сағаттың ішінде күдікті құрықталды. Ол Петропавл қаласының бұрындары басы істі болған 34 жасар тұрғыны болып шықты. Ер адам ұрлыққа қатысым жоқ деп ақталмақшы болған. Қылмыс орнында кассадан ақша алып жатқаны анық түскен бейне материалды көрген соң ғана кінәсін толығымен мойындауға мәжбүр болды. Дүкенге енгенде сатушының мас күйін көріп арам ой келіпті. Араққа құмарлығын пайдаланып қалу үшін бірлесіп ішуге көндірген. Өстіп, әйел адамды ұйқыға жатқызып, көздеген мақсатын жүзеге асырған.

Қуандық Бақтияров, 2-полиция бөлімінің тергеушісі:
-Кейін қылмыстық әрекетінің куәгерлері жоқтығын көріп, кассада жиналған 200 мың теңгені жымқырып кеткен.

Сезіктіден тек 5 мың теңге ғана тәркіленді, қалған ақшаны ол түнде дәмханаларда көңілін көтеріп, ұстап қойған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жеңіс Ермұқанов