ТКШ

Су берушілер тарифті көтеру қажет деген пікірде

 

Облыс орталығындағы тозығы жеткен 160,8 шақырымнан астам су тарату желісі жөндеуді қажет етеді. Бұл сумен жабдықтау жүйесіндегі техникалық нормативтік шығынның артуының негізгі себептерінің бірі болып отыр.

Аслан Сатин, «Петропавл су» АҚ президенті:
– «Петропавл су» АҚ-да  53 насостық станса, 540 құдық, 295 өртке қарсы гидранттар тіркелген. 2009 жылмен салыстырғандар өртке қарсы гидранттардың саны 162-ге артқан. Кәсіпорын 89 666 тұтынушыға қызмет көрсетеді. Олардың дені – жеке тұлғалар. Олар тұтынушылардың жалпы көлемінің 72,8 пайызын құрап отыр.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету- ел саясатының негізгі бағыттарының бірі. Алайда бұл тұста туындайтын сауалдар мен олқылықтар жетерлік. Жиынға қатысушылар осы төңіректе ой қозғады.

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:
– ҚР 2020 жылға дейінгі мемлекет дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес нормативті техникалық шығындар деңгейін төмендету көзделген. 2015 жылы аталмыш көрсеткіш 19 пайыз, ал 2020 жылға дейін 15 пайызға дейін төмендеуі тиіс.

Қазіргі таңда облыс орталығындағы нормативті техникалық шығын деңгейі 15,8 пайыз. Ал 2012 жылғы бұл көрсеткіш 27 қараша күні бекітілмек.