Құқық қорғау органдары

Сотқа арызды электронды түрде жіберуге болады

 

 

Жаһандану дәуірінде еліміздің сот жүйесінде заманауи ақпараттық технологиялар барынша пайдаланылуда. Бүгінде арызданушы сотқа бармай-ақ, үйінде отырып, ғаламтор арқылы шағымын білдіре алады. Уақыт үнемдеп, қағаз толтыру машақаттарынан босататын мүмкіндікке ие болу үшін электронды үкіметтің e.gov.kz веб- порталына тіркелу қажет. Жеке бетін ашу үшін арызданушының сандық қолы болуы тиіс.

Елена Максюта, судья:
– Ол үшін алдымен ҚР Жоғарғы сотының электронды қызметтер бөлімі таңдалады. Кейін арыз жазу деген бетке еніп, сұрақтарға жауап беру қажет. Одан барып тұрғылықты мекенжайы бойынша сотты көрсету керек. Кейін шағымның мазмұны теріледі. Бұл қызмет үшін банк шоты немесе электронды карточка арқылы ҚР Салық кодексінің 535-бабында көрсетілгендей, мемлекеттік баж салығын төлеу керек.

Осы арқылы істің жүргізілу барысын бастан аяқ қадағалауға болады. Сот процесінің ашықтығын көрсету үшін бар дәйектер мен куәгерлердің жауабына дейін тізіліп жазылады.

Нүрия Малдыбаева, №2 Петропавл қалалық сотының төрайымы:
– Арыз түсісімен сот маманы шағымды бірден судьяның қарауына жібереді. 5 күннің ішінде шешім мен іске қатысы бар құжаттар мен ақпарат арызданушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

Бұндай қызметтің тиімділігін әзірге 1 ғана арызданушы байқап көріпті.

Жеңіс Ермұқанов